Наша гордость
Ангелина Шурыга
05.11.1996

Ангелина Шурыга @alllinsan-шаңғы спортының шебері. "Риддер қ. ОРРММИК" РММ түлегі. 1996 жылы 5 қарашада Риддер қаласында дүниеге келген. Алғашқы бапкерлері: Трифонов В.А. және Трифонова Г.Г. 2020 жылғы Қазақстан Кубогының Чемпионы, 2020 жылғы FIS стартының Чемпионы, 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Чемпионы Ангелина бірнеше рет ірі әлемдік старттарға: Әлем Чемпионаттарына, екі Универсиадаға, Азия ойындарына қатысты. 2020 жылы Лахтиде (Финляндия) өткен Әлем Кубогында Ангелина Шурыга 4*5 эстафетасында тоғызыншы болып мәреге жетті, бұл оның халықаралық аренадағы ең үздік нәтижесі. Біз түлегімізді мақтан тұтамыз. Шаңғышымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!!!