«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі» оқу залында «Жемқорлыққа жол жоқ!» «Нет коррупции!» атты кітап көрме- инсталляциясы, библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-оқырмандардың өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бүкіл қоғамның,атап айтқанда әрбір адамның парызы екенін насихаттау және қалыптастыру .Библиографиялық шолу барысында Жемқорлықпен күрес барлық кезеңнен бері басты тақырып болып келе жатқаны айтылды. Мысалы,Абайдың «Қара сөздерінде» ар-ұят, жемқорлық жайлы үндесе, Н.В. Гоголь өзінің "Ревизор" шығармасында сыбайлас жемқорлықтың жамандықтарын мазақ етті, Тәуке хан тұсында қабылданған"Жеті жарғы" ("Жеті ереже") бірінші дала Конституциясының төртінші бөлімінде Сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды. Шараға 10 «Б» сыныбының оқушылары С.Сырбов,Н.Швачко,С.Петров,Г.Щербаков, А.Редькин белсене қатысып, жемқорлық туралы ұсынылған суреттер бойынша өз пікірлерін айтты.