Итоги предметной декады естественно-математического цикла

Жаратылыстану-математикалық циклдің пәндік онкүндігінің қорытындылары

Дата 16 мая 2023
Итоги предметной декады естественно-математического цикла
2023 жылғы 17 сәуірден 10 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ жаратылыстану-математикалық циклдің (ЖМЦ) пәндік онкүндігі өтті.
Пәндік онкүндік аясында ЖМЦ әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері "Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ оқушылары мен педагогтар ұжымы үшін бірқатар ашық сабақтар өткізді, атап айтқанда:
* 7Б сыныпта алгебра сабағы "Алгебралық бөлшектер әрекеттері" - мұғалім Ибраева С Ж.
* 8А сыныбында химия сабағы "Бейорганикалық қосылыстың кластары арасындағысы генетикалық байланыс" - мұғалім Алханова З А
* 8А сыныбында география сабағы "Өңдеуші сала" - мұғалім Смағұлов М Д
* 9А сыныбында физика сабағы "Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелердің табиғаты " - ұстаз Құрмет Д Қ
* 9Б сыныбында физика сабағы "Уранды бөлу" - мұғалім Муровцева В В
* 7Б сыныбында химия сабағы "Кен құрамы. Металдарды алу тәсілдері " - мұғалім Макаренко Л И
Онкүндік оқушыларға өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, мерекелік шығармашылық атмосфера құрды. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білімдерін, әртүрлі жағдайларда білімді қолдана білуін, өзара көмек көрсетуді, қиын мәселелерді ерекше шешуді көрсетті.
2023 жылдың 10 мамырында жалпы мектеп желісінде онкүндіктің қорытындысы шығарылды. Қызығушылығы, кең ой-өрісі және оқу дағдылары үшін келесі оқушылар грамоталармен марапатталды:
7б сынып - Косолапов Кирилл, Сагандыкова Диляра,
8А сынып - Жарасбек Әзім, Жақсылықова Мадина, Франц Анастасия,
9А сынып - Сарқытов Ерасыл , Қадылқұмар Махмұт,
9Б сынып – Мироненко Дарья.
Басқа жаңалықтар