ЕРМЕК МАРЖИКПАЕВ: ВОСПИТАНИЕ СОЗНАТЕЛЬНОГО И ЗДОРОВОГО ПОКОЛЕНИЯ - ЗАДАЧА КАЖДОГО ИЗ НАС

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ: САНАЛЫ ЖӘНЕ ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ-ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ

Дата 8 декабря 2023
ЕРМЕК МАРЖИКПАЕВ: ВОСПИТАНИЕ СОЗНАТЕЛЬНОГО И ЗДОРОВОГО ПОКОЛЕНИЯ - ЗАДАЧА КАЖДОГО ИЗ НАС
07.12.2023 жылы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ-де болды
Министр оқу кабинеттерімен, материалдық-техникалық жабдықтармен, мектеп кітапханасымен танысты. Шаңғы базалары мен аяқталмаған 300 орындық оқу ғимаратына барды.
Оқушылармен кездесіп, педагогтармен жұмыс мәселелерін талқылады. Балалар министрге сұрақтар қойып, өздерінің жетістіктері мен болашақ мақсаттарымен бөлісе алды.
Кездесу соңында Ермек Маржықпаев баршаға жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі спорттық табыстар тіледі.
Басқа жаңалықтар