«Қайырымдылық-игі істер».

«Қайырымдылық-игі істер».

Дата 15 марта 2024
«Қайырымдылық-игі істер».

«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі» РММ Наурыз мерекесінің екінші күні «Қайырымдылық-игі істер» -деп аталды. Шараның мақсаты-қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау арқылы достыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу. Шара қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтанбекова А.М., тарих пәнінің мұғалімі Қайшыбаев А.Б., кітапханашы Башабаева С.Р. ұйымдастыруымен өткізілді. «Жарапазан»-қаһарлы қыстан аман-есен шығып, жаңарған халықты ізгілікке шақыру мағынасын білдіреді.

Бұл күні ұлттық киім киген оқушылар өз қатарластарына, ұстаздарына қазақтың керемет салт –дәстүрінің бірі жарапазан айтумен шектелмей ізгі тілекпен бата берді. Риза болған ұстаздар жарапазан айтушыларға тәтті үлестірді.


Басқа жаңалықтар