Экологическая викторина: «Земля – наш общий дом»

"Жер – біздің ортақ үйіміз"- экологиялық викторина

Дата 19 апреля 2024
Экологическая викторина: «Земля – наш общий дом»
19.04.2024 ж. "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ – де тәрбиешілер Боог Наталья Александровна, Мутиханова Манар Абеновна оқушылармен "Жер-біздің ортақ үйіміз"э кологиялық викторинасын өткізді.
Аталған іс – шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Викторина барысында балалар табиғат, жануарлар мен құстардың өмірі мен әдеттері туралы көп нәрсе білді.
Викторина бес кезеңнен тұрды: 1. Сұрақ-жауап, 2. Жұмбақтар, 3. Жедел сауалнама, 4. Қоршаған әлем туралы жұмбақтар, 5. Капитандар сайысы.
Викторинаға 2 команда қатысты, балалар қоршаған әлем туралы жақсы білімдерін, экспресс-сауалнамада реакция жылдамдығын көрсетті, ойында, әсіресе капитандар байқауында жолдастық пен жанашырлық сезімдерін көрсетті.
Әр тапсырманы орындағаннан кейін қазылар алқасы әр команда берген дұрыс жауаптардың санын есептеді. Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз команда анықталды.
"Жер-біздің ортақ үйіміз" экологиялық викторинасы балаларда оқушылардың жануарлар өміріне танымдық қызығушылығын, туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жолдастық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар