Посвещение в ученики

Шәкірт ретіндегі бастама

Дата 10 октября 2024
Посвещение в ученики
2024 жылдың 10 қазаны күні «ОРРММИК» РММ-де жаңадан келген оқушыларға арналған «Арнау» іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Жаңадан қабылданған оқушыларға спортшының жаңа әлеуеттік рөлін түсінуге ықпал ету, мектепке деген құрмет пен мақтаныш сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Іс-шараның басында директордың спорт жөніндегі орынбасары Малаев Серік Тойлыбаевич құттықтау сөз сөйледі. Оқушыларға спорт жолында қиындыққа шыдап, ұлкен жетістіктерге жетуге болатыны туралы айтты. Жаттықтырушы Елгазинов Қ. жүрек жарды тілегін жеткізді. Егер барлық қиыншылықтарға төзіп, уақыттылы жаттығу жасаса, атақты чемпион болу өз қолдарында екенін түсіндірді..
Балалар түрлі өнерлерін көрсетіп, спорттық ойындарда бақ сынасты. Олар үлкен қызығушылықпен ойындарға қатысты. Іс-шараның көрермендері балаларды қошеметпен қолдады. Іс-шараны өткізгендер Боог Н.А. мен Мутиханова М.А.
Басқа жаңалықтар