19.09.2024 жылы "Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ – де бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған "Ұлттық ойындар - бабадан асыл қазына" ("Ұлттық ойындар-ұлт игілігі") спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Жарыстың басты мақсаты-жас ұрпақ арасында ұлттық ойындарды насихаттау.
Жарыс ұлттық ойындардың келесі түрлері бойынша өтті: "Аударыспақ", "Арқан тарту", "Асық ату", "Садақ ату", "Теңге алу".
Бұл күні оқушылар спорт ойындарының кейіпкерлерін тамашалады, ашық ауада күш, ептілік пен жылдамдықпен жарысты, жарқын фотосуреттер түсірді, демалып, қуат алды.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.