Ахмет Байтұрсынов- великий реформатор

Ахмет Байтұрсынов- ұлы реформатор

Дата 5 сентября 2024
Ахмет Байтұрсынов- великий реформатор
«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»РММ-де Қазақстан халқы тілдер мерекесі күніне орай «Ахмет Байтұрсынов- ұлы реформатор»атты ақпараттық сағат өткізілді.Мерекелік шараны кітапханашы С.Р. Башабаева және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.М.Солтанбекова ұйымдастырып, өткізді. Ақпараттық сағат барысында ұлт ұстазы, ақын,педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынов шығармалары, қазақтың ұлы адамдарының шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға 7, 8, 9, 11 сынып оқушылары,пән мұғалімдері белсене қатысты. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды,викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Р. Сейташимова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Құмарұлы қатысты.
Басқа жаңалықтар