Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және азайту мақсатында 2024 жылғы 18 қарашада заңгер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға қатысты профилактикалық әңгімелесу өткізді.
Ол азаматтық қызметшінің этикасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, осы іс-шарада еңбек шарты негізінде жекелеген лауазымдарды атқаратын қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысына әкеп соғатын немесе әкелуі мүмкін жеке мүдделердің туындауы туралы жұмыс берушіні хабардар ету тәртібі және мүдделер қақтығысы туралы ережені сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі туралы түсіндірілді, мүдделер қақтығысының үлгілік жағдайларына шолу және мүдделер қақтығысын реттеудің ықтимал жолдарын талдау жүргізілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша (Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар бөлігінде) уақтылы шаралар қабылдау туралы түсіндіру жүргізілді.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібі түсіндірілді