2025 жылдың 4-ақпанында балаларға қоғамдық мүліктің маңыздылығын түсіндіру, тәртіпті болуға, жауапкершілік сезімін арттыруға тәрбиелеу, оқушылардың граффитиге өнер түрі ретінде саналы көзқарасын қалыптасыру және көркемдік көрініс пен вандализм арасындағы айырмашылықты түсіндіру мақсатында педагог-тәрбиешілер Ушакбаева А.К., Кожахметова Р.Ж. “Қоғамдық мүлікті қорға” тақырыбында алдын алу іс-шарасын өткізді.
Тәрбиешілер қоғам мүлкін өз мүлкіміздей көріп, оларға жауапкершілікпен қарап, бүлдіріп қиратуға жол бермеу керектігі туралы айтып өтті. Оқушылар өнерді вандализмнен ажыратуды үйренді. Іс-шара сәтті өтті, оқушылар тақырыпқа белсенділік пен қызығушылық танытты. Қоғамдық және жеке кеңістіктерді құрметтеудің маңыздылығын түсінуге қол жеткізілді.