Открытый урок на тему «Характерные свойства азотной кислоты и нитратов»

«Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ

Дата 17 февраля 2025
Открытый урок на тему «Характерные свойства азотной кислоты и нитратов»
17 ақпан күні «Риддер қаласындағы республикалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің 9 «А» сыныбымен химия пәні мұғалімі Алханова З.А «Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ «Менің көңіл-күйім» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал орнатумен басталды. Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұралса, жаңа сабақтың тақырыбы «Ребус шешу» тәсілі арқылы анықталды. Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп, азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттерін оқып, танысып, топтарда талдап, өздері қалаған форматта қорғап, белсенді жұмыс жасады. Тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Сабақты бекіту кезеңінде «Кім жылдам?» тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырылды. Катализаторлық конвертердегі үрдіске қатысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға байланысты тапсырмалар берілді. Кері байланыс «Химик» тәсілі арқылы жүзеге асты.
Басқа жаңалықтар