Мекеменің алдағы жылыту кезеңінде ұйымдасқан және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін неғұрлым маңызды міндеттер айқындалды, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталды.
Бүгінгі күні мекеме объектілерін жылумен жабдықтау үшін 2 энергия көзі – сұйық отынмен жұмыс істейтін қуаты 300 және 500 кВт 2 қазандық, резервтік 500 кВт қазандық бар. Екі қазандықтың жалпы өнімділігі айына 495,2 Гкал құрайды, бұл жылытылатын аймаққа қажетті қуаттан 3,4 есе көп. Негізгі және қосалқы жабдықтарда бақылау-өлшеу аспаптары мен ілмекті-реттелетін арматураның жай-күйіне тексеру жүргізілді.
2021-2022 жж. жылыту кезеңінде сұйық отынмен қамтамасыз етілді.
Ыстық, суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесін қамтамасыз етуге дайындыққа келетін болсақ, ағымдағы жылы жылыту маусымына дайындық және сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде резервтік сорғылар мен электр қозғалтқыштары сатып алынды, өзенді тереңдету бойынша су қабылдағышқа және су алу орындарында габиондарды орнатуға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тазарту құрылыстарында тұндырғышты қалпына келтіру, ауа құбырын жылыту, шатырды жөндеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ резервтік электр қозғалтқыштары мен сорғы қондырғылары сатып алынды.
Кәріз және су құбыры құдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 2 км су бұру жүйесін жуу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, жылыту жүйесінің герметикалығын гидравликалық сынаумен (престеу) тексеру жүзеге асырылды.
Объектілердің жылу беру маусымына дайындығы 100%