2021 жылғы 3 қыркүйекте балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидті шешу жөніндегі жол картасы шеңберінде 2020-2023 жылдарға арналған "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ Риддер қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары Д.С. Ильясов, Қ.Ә. Әлібек, Ә.Қ. Кабаевпен бірлесіп "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қатыгез іс-әрекеттің, зорлық-зомбылықтың алдын алуға"арналған семинар өткізілді».
Аталған семинар кәмелетке толмағандармен балалар мен жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Заңгер кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылықтың және оларға қатыгез қараудың алдын алуды қамтамасыз етудегі заңнамалық базаны жария етті.
Мектеп-интернаттың педагог-психологы Алиса Александровна Головкина психологиялық зорлық-зомбылық және онымен күрес туралы айтып берді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Әлібек Қанат Әлібекұлымен "Балалар әлемінде – қатыгездік жоқ" қысқаметражды фильмін қарау ұйымдастырылды, сондай-ақ оқушылардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған әңгіме өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есбол Жұмағұлұлы Джусипов мектеп-интернатта үнемі сенім телефоны жұмыс істейтінін, сондай-ақ ата-аналар мен балалар кез келген мәселе бойынша өтініш білдіре алатын Ватсап форматындағы топ құрылғанын түсіндірді. Семинарды қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.