Олар чемпион болып туылмайды-олар чемпион болады! Оқу-жаттығу сабақтарын сапалы өткізу және спорттың таңдалған түрлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жылына 1 рет тереңдетілген медициналық тексеруден (ТМТ) өту қажет.
Спортшының ТМТ физикалық дамуы, денсаулық жағдайын бағалау, спортшы ағзасының функционалдық жағдайы және оның физикалық жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері туралы неғұрлым толық және жан-жақты ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.
Тексеру кезінде мамандар спортшылардың спорттық жарақаттардың жекелеген түрлеріне бейімділігін анықтайды, бұл болашақта әртүрлі қауіптерді азайтуға көмектеседі.
2021 жылдың 24 қыркүйегінен 26 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінде оқушыларға тереңдетілген медициналық тексеру жүргізілді. Бұл үшін Өскемен қаласынан спорт диспансерінің мамандары шақырылды, атап айтқанда отоларинголог Лұқпанов Б.С., невропатолог Абдухалимова Л.В., Кардиолог Кочетков В.И., офтальмолог Афлатонова Л.С. және терапевт Михеева Л.Г.
Сондай-ақ ТМТ шеңберінде А. Коробейникованың басшылығымен Риддер қаласының орталық зертханасымен клиникалық-зертханалық тексерулер жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша әр оқушы бойынша қорытындылар мен ұсыныстар берілді.