«Волшебная сила поэзии»

«Өлеңнің сиқырлы күші»

Дата 1 октября 2021
«Волшебная сила поэзии»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елімізде "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап"акциясы өткізілуде.

Акция аясында "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ кітапханасында кітапханашы С.Р. Башабаева және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж. Т. Ушакбаева ақын-лирик М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Поэзияның сиқырлы күші" ақпараттық сағатын ұйымдастырды. 7, 8, 9, 11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның өлеңдерін жатқа оқып, ақынның күнделігінен үзінділерімен бөлісті.

Іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Р. Сейташимова, оқу ісі жөніндегі әдіскер Н.К.Ашимова қатысты. Ең белсенді қатысушылар мектеп әкімшілігінің дипломдарымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар