Назначен Министр культуры и спорта Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі тағайындалды

Дата 11 января 2022

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 11 қаңтарда Дәурен Абаевты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2001), Лейден университетін (2006) бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2019 жылдары-Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019-2020 жылдары-Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Басқа жаңалықтар