2022 жылы 15 қаңтар Дудченко Татьяна Васильевна, Дудченко Сергей Михайлович, Дудченко Елена Николаевна және Наконечный Сергей Алексеевич, Елғазинов Қуаныш Бекболатұлы командаларының биатлоншылары бірлескен бақылау жаттығуды өткізді.
Мұндай жаттығудың мақсаты-техникалық және тактикалық мәселелерді шешу, спортшылардың функционалды жағдайының деңгейін анықтау.
Бақылау жаттығуы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ базасында өтті.
Оқушылар 5 шақырым еркін стильдегі жарыс және 5 шақырым соңынан қудалап жүру жарысы түрінде жарысты.
Осы форматтағы жаттығу процесі спортшыларға бәсекелестік рухын көтеруге, сондай-ақ жарыстағы аралас спорт түрінің қарсыластарымен өз күштерін сынап көруге мүмкіндік береді.