Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» акциясын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін мектеп және колледж оқушыларының қазақстандық патриотизмін, азаматтыққа, толеранттылық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеуді қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Акцияның бірінші күні линейка өткізілді және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Р. Сейташимова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол біздің елімізде болып жатқан соңғы оқиғаларға баға берді. Оқушылар өздерінің ұрандарымен, плакаттарымен оң көзқарастарын білдіріп, осы акцияны қолдады.
2022 жылғы 20 қаңтардан бастап 2022 жылғы 27 қаңтарға дейін 7-11 сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан», «Елімді, жерімді сүйем» сынып сағаттары; 7-9 сыныптар арасында «Менің Қазақстаным жас суретшілер көзімен» суреттер конкурсы; 7-11 сыныптарда «Біз барлығымыз әртүрліміз, бірақ барлығымыз – бір халықпыз» сұхбаттары; «Бірлік бізде» челленджі; «Қазақстан – ол біз» флешмобы ұйымдастырылады және өткізіледі.
Осы іс – шараларды дайындауға және өткізуге жауаптылар-Мектеп Парламенті, әкімшілік, сынып жетекшілері, тәрбиешілер.