2022 жылдың 20 қаңтарында Риддер қаласындағы «ОРРММИК» РММ тәрбиешілері Наталья Александровна Боог және Елена Ивановна Миняйлова «Бір халық, бір ел, бір тағдырмыз» тақырыбында оқушылармен әңгіме өткізді. Әңгіменің мақсаты оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру.
Аталған әңгімеге 7-9 сынып оқушылары қатысты. Балалар сөзжұмбақты қызығушылықпен шешіп, «Өз елінің патриоты» викторинасына белсенді қатысты, Қазақ және орыс тілдерінде Отан туралы өлеңдер оқыды.
Әңгіме барысында балалар Қазақстанда бір отбасы ретінде жүзден астам ұлт өкілдерінен тұратын 17 млн. адам өмір сүретінін атап өтті. Қазақ, татар, орыс, ұйғыр, неміс, корей тілдерінде кітаптар мен газеттер оқылады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, радио мен теледидардың ұлттық бағдарламалары беріледі.
Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін ортақ нәрсе біріктіреді: БІЗ —ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫМЫЗ!