Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат - колледжі" РММ "Бір халық – бір ел-бір тағдыр" акциясын іске асыру шеңберінде 20.01.2022-27.01. 2022 жылы мектеп және колледж оқушыларының арасында, қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, достық пен келісім туын берік ұстаған азаматты қалыптастыру және тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылды.
8 «А», 10 «А» және 11 «А» сыныптары арасында «Бір халық - бір ел - бір тағдыр»; 10 «Б» сыныбында «Счастливый случай»; 8 «Б» сыныбында «Толеранттылық және ұлтаралық қатынастар», 11 "Б" сыныбында "Бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыптық сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар еліміздің бейбітшілігі, ынтымақтастығы және гүлденуі үшін өз ұстанымдарын батыл көрсетіп, жас, тәуелсіз және гүлденген Отанның жарқын болашағы үшін өз көзқарастарын білдіре алды.
«Бір халық - бір ел - бір тағдыр» идеясы - біздің ортақ болашағымыз! Қазақстан халқының бірлігі-біздің баға жетпес байлығымыз. Сондықтан әрқайсымыз Қазақстан Республикасының қуатты мемлекетке айналуына өз үлесімізді қосуымызға тиістіміз!