01-08 ақпан аралығында Талғар ауданының Солдат шатқалындағы «Алатау» шаңғы – биатлон кешенінде Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты (FIS) өтеді, оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ 34 оқушысы қатысады.
Жарыс спорттың 5 түрі бойынша өтеді:
* 02.02.2022 ж. еркін жүріспен жеке спринт
* 03.02.2022 ж. классикалық жүгіру жарысы;
* 05.02.2022 ж. масс-старт еркін жүріспен, 15 км және масс-старт еркін жүріспен, 30 км;
* 07.02.2022 командалық спринт классикалық барысы;
* 08.02.2022 ж. эстафета, 4*3,3 км / 4*5 км
Біздің спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларымызға алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.