Читающая школа-читающая нация

Оқуға құштар мектеп

Дата 3 февраля 2022

25 қаңтарда «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған   мектеп-интернат-колледжі" РММ 8 «А»сыныпта қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі А.М.Солтанбекова бекітілген жоспар бойынша кіріктірілген дәстүрлі сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты-жас ұрпақтың ұлт мақтанышы, батыр жазушы-Бауыржан Момышұлы туралы ой- өрісін кеңейту барысында туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, шығарма арқылы адал достықты дәріптей отырып, патриотизмге тәрбиелеу.

Сабаққа мектеп кітапханашысы С.Р. Башабаева қатысып, ұлтымыздың дара да дана, батыр жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы қызықты деректермен бөлісті. Сонымен қатар жазушының «Ұшқан ұя» атты шығармасына тоқталып,жас оқырман жүрегінде кітап оқуға деген қызығушылығын оятты.

Басқа жаңалықтар