Коррупция лишает свободы и будущего

Сыбайлас жемқорлық бас бостандығынан және болашақтан айырады

Дата 17 февраля 2022

"Жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында 7 Б сынып оқушыларымен "Пара алу бостандық пен болашақтан айырады" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Оқушылар сыныптастарына қосымша ақпарат көздерінен дайындап келген ақпараттарды айтып берді, жемқорлықтың өршіп тұрғанына алаңдайтындықтарын білдірді, жемқорлықпен күресу үшін әр адам өз ісіне жауаптылықпен қарап адал еңбекпен ақша табу керек деп ойларымен бөлісті, жемқорлықпен күресу заңнамасында көрсетілген пара алу 366 бап, пара беру 367баптары бойынша қылмыстық іс қозғалатынын, сенім телефоны 1424 хабарлап, қылмыстың алдын - алуға болатыны туралы түсініктерін кеңейтті.

Белсенді қатысқан оқушылар Жулин Леонид, Коломин Трофим, Сайлау Дамир, Болдырева Карина.


Басқа жаңалықтар