2022 жылдың 9 сәуірінде 2021-2022 жылғы қысқы шаңғы маусымының жабылуына арналған жарыс өтті. Жарыс ерекше форматта, жарыс жолы тауға қарай старттан бастап мәреге дейін өтті. Жолдың ұзындығы 6 км және 14 км құрады.
Жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан (ШҚО, БҚО, СҚО, Ақтөбе облысы) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ 80-нен астам шаңғышылары мен биатлоншылары қатысты. Спортшылар жеңіске деген ерік-жігерін және тамаша дене дайындығын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша :
Қыздар арасында абсолютті нәтиже.
Чонконова Айдана
Ермұханбетова Тоғжан
Абсолютті нәтиже ұлдар арасында.
Қасенов Дидар
Исабек Ілияс
Кабекесов Дамир
Аталған жарыс алғаш рет өтті, болашақта ол дәстүрлі болады деп жоспарлануда.
Маусым ресми түрде жабылғанымен, «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» РММ өз жұмысын бұрынғы режимде жалғастыруда. Қар еріп біткенге дейін, әлі де шаңғымен сырғанауға болады.