Пожарно-техническое учение в РГУ «РСШИКОР в г. Риддер»

"Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ Өрт-техникалық оқу-жаттығуы

Дата 19 апреля 2022
Пожарно-техническое учение в РГУ «РСШИКОР в г. Риддер»

2022 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ Өрт-техникалық оқу-жаттығуын өткізді.

Құтқарушылар мен педагогтар өрт сөндіруді және адамдарды ғимараттан эвакуациялауды сәтті орындады.

Тактикалық ой төмендегідей болды: мектепте қысқа тұйықталу орын алып, бұл бас ғимараттағы 5- қабаттың шатырының өртенуіне әкеліп соқты.. Түтіндеуді анықтағаннан кейін мекеме қызметкерлері өрт сөндіру бекетіне жүгінді. 1-МӨСБ, 14-ӨСБ, "Пихтов орман шаруашылығы" КММ, полиция Бөлімі, Жедел медициналық жәрдем бригадасы және электрмен жабдықтау ұйымдары іске қосылды. Өрт сөндіру кезінде қызметтердің өзара байланыстық   іс-қимылы пысықталды.

Мамандар автоматты өрт дабылы мен ескерту жүйелерінің жұмысын шынайыландыра білді. Құтқарушылар "шартты өртті" аз уақыт ішінде оқшаулап, жоя алды. Сондай-ақ, мектеп қызметкерлері өрт және адамдарды эвакуациялау кезінде ұйымдастырудың жоғары деңгейін көрсетті.

Басқа жаңалықтар