2022 жылғы 05 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат – колледжі" РММ – де жұмыс сапарымен Риддер қаласына келді.
Жұмыс сапары аясында Даниал Кенжетайұлы құрылысы аяқталмаған 300 орындық мектептің құрылыс алаңына барып, оқушылармен әңгімелесті, оқу сыныптарын, асхананы, спорттық базаларды, оқушылардың тұруына арналған бөлмелерді аралап көрді, сондай-ақ оқу-жаттығу процесін өткізу жағдайларымен танысты.