Өткен 2021-2022 жылғы қысқы маусымда «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат – колледжі» РММ-нің оқушылары 20 республикалық және 11 халықаралық маңызы бар жарысқа қатысты.
Республикалық стартқа 153 спортшы қатысып, оның 83-і жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Халықаралық старттарға 82 оқушы қатысып, 25 спортшы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Біздің оқушылар барлығы 301 медаль жеңіп алды, оның 35-і халықаралық жарыстарда, 266-сы республикалық жарыстарда.
Маусым қорытындысы бойынша 3 оқушы ҚР ХДСШ, 11 оқушы-ҚР СШ атағын алды, ал 27 спортшы ҚР СШК разрядын аяқтады.
Ұлттық құрама команданың құрамына 87 спортшы балалар енді.