24 қараша күні «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» РММ кітапханашысы С.Башабаева «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру шеңберінде 7-10 сыныптар арасында «Үш биіктік» атты зияткерлік ойын өткізді.
Шараның мақсаты- оқушының Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани, зияткерлік байлығын кітап оқу арқылы жетілдіре отырып топта жұмыс жасауға үйрету.
Сайыс қонақтары- мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары –Г.Р. Сейташимова, әдіскер Н.К.Ашимова, мұғалім- Дана Құрметқызы, тіл мамандары- А.М. Солтанбекова, Ж.Т. Ушакбаева болды.
Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Оқушылар слаидта берілген сұрақтарға жауап берді. Тапсырма арасында Кабесеков Дамир ойынды әнмен көркемдеді.
Балалар белсенді қатысты. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Г.Р. Сейташимова сөз алып, екі топ оқушыларын номинация бойынша мақтау қағазымен марапаттап, тәттілер үлестірді. Зияткерлік сайыс өте тартымды өтті.