2022 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-де 9-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты студенттерге оқу профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде қолдау көрсету, сондай-ақ студенттердің өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасын дамыту болып табылады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулсим Ромашевна Сейташимова оқушыларға, тек мамандықты ғана емес, соған байланысты өмір салтын және қолайлы қызмет түрін де таңдау керектігі туралы атап өтті.
Директордың спорт жөніндегі орынбасары Серик Тойлыбаевич Малаевтың алғы сөзі, түлектеріміздің мамандықты дұрыс таңдауы болашақта қандай жетістіктер күтетіні туралы ешкімді бей-жай қалдырмады.
Іс-шара әдіскер Нургуль Касымбековна Әшимованың «Риддер қаласындағы ОРРММИК» РММ колледжіне түсе отырып, оқушылардың спорттық мәнсабын жалғастыруға, «Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы» арнаулы орта білім алуға мүмкіндігі бар екенін туралы сөз сөйлеуімен аяқталды.