2023 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ-де Ауған соғысы ардагерлерін еске алу кеші өтті.
Кешті педагог-тәрбиеші Мүтиханова Манар Әбенқызы ұйымдастырды.
Мақсаты - оқушыларды ерлікке, патриотизмге баулу. Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетуге, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Кеште Ауғанстанда қайтыс болған Риддерліктердің өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Ауғанстандағы соғыс туралы егжей-тегжейлі айтылды.
10 сынып оқушысы Антонов Сергей гитарада Ауған соғысы туралы "Пора домой" әнін шырқады. Кеш екі тілде өтті.