Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі оқу залында Алғыс айту күніне орай «Ел бірлігі-асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Алғыс айту күні адамдардың бір-біріне деген құрмет жасайтын,ризашылықтарын алатын күні. Ұлы Отан Соғысы жылдарында елімізге көптеген ұлт өкілдері жер ауып келді. Өздерінің ауыр тұрмыс- тіршілігіне қарамастан қазақ халқы босқындарға көп көмек береді. Өз тарихындағы қиын кезеңдерді басынан өткерген қазақ халқы соңғысын құрбан етіп, осы халықтарға өмірлеріндегі ең қиын сәтте баға жетпес көмек көрсетті. Депортацияланған халықтар Қазақстанда қиын кезеңді бастан өткеретін орын тауып қана қоймай, өздері мен ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар этнос ретінде аман қалып қана қоймай, көпұлтты Қазақстан қауымдастығында лайықты орын алды.
"Ел бірлігі - асыл қазына" кітап көрмесінде көптеген кітаптар ұсынылды .Шығарма авторлары эвакуацияланған баспанасыз қалған,ата-анасыз қалған соғыс кезіндегі достыққа берік болған балалар туралы тақырыпты кеңінен ашады.Іс-шара барысында оқушылар қазақ жазушылары С.Мұратбековтың "Жусан иісі", Бауыржан Момышұлы"Ұшқан ұя" және т. б. авторлар кітаптарымен танысты.