2023 жылы 20 наурызда Наурыз мерекесіне орай өткізілген «Наурыз - мейірімділік мерекесі» атты іс-шара өтті. Мерекеде «Ұлттық ойындар халық қазынасы» деген атпен ұлттық ойындар арқан тарту, тоғызқұмалақ және тағы басқа гир көтеру, турникке тартылу сияқты сайыстар өткізілді. Балалар сайысқа белсене қатысты. Әсіресе, 11 сынып оқушысы Манабов Ұлан, 10 сынып оқушысы Мырзахметов Нұрхат пен 7 сынып оқушысы Мамедов Зинат алдарына жан салмады. Теңге алудан Серікұлы Ерасыл, Ақылбек Жанасыл, Сапарғалиев Медғат, Ақан Әли жақсы көрсеткіштер көрсетті. Тоғызқұмалақтан Ақан Әли, Абен Ақерке, Бұхарбай Нуржан жүлделі орынға ие болды. Ойыннан кейін балаларға ашық аспан астында дастархан жайылып, далада палау пісіріліп, ұлттық тамақ бауырсақ, чак-чак, палау таратылды. Балаларға Наурыз мерекесіне арналған шара жақсы әсер қалдырды.