Бүгін 2023 жылы 20 наурыз күні «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ- де 10-11 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлттық ойыны "Асық атудан" жарыс өтті. Ұйымдастырушылар педагог -тәрбиешілер Мутиханова Манар Абеновна мен Кожахметова Рита Жанаевна.
Ойын мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу, ата- бабамыздан мирас боп қалған "Асық ату" ойынын дамыту. Мергендікке баулу. Ойынға балалар белсене қатысты. Мергендігімен көзге түскен оқушылар Сапарғалиев Медғат, Аблайханов Санжар, Елеусізов Аят және Мақсұтов Әнуарбек. Балаларға асық ойнау өте ұнады.