ҚҰрметті талапкерлер!
Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының" Риддер қаласындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат - колледжі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2026 -2027 оқу жылына арналған
01140500 «Дене шынықтыру және спорт"мамандығы бойынша колледжге түсуге құжаттар қабылдау туралы хабарлайды
v"Риддер қ. ОРОММИК" КММ-не оқуға қабылдау құжаттарын қабылдау 2026 жылғы 25 маусым мен 5 тамыз аралығында, қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
vОқыту формасы-орыс тілінде.
v
vОқу мерзімі-жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай.
v
vҚұжаттарды қабылдау келесі спорт түрлері бойынша жүзеге асырылады: шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, сноуборд, фристайл-могул, ескек слалом және жеңіл атлетика .
Құжаттарды қабылдау қағаз түрінде Риддер қаласындағы ОРОММИК кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz
КЕҢСЕГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
еркін нысандағы өтініш;
2) түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалпы орта білім туралы аттестат (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
4) мынадай спорттық атақтар мен спорттық разрядты беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді): "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне Кандидат", 1-разрядты спортшы;
5) 3х4 өлшемді төрт фотосурет немесе 3х4 өлшемді электрондық фотосурет;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 3-қосымшамен бекітілген нысан бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқалары, атап айтқанда: жалпы талдау туралы деректерді көрсете отырып, № 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды) стоматологтың, эндокринологтың, кардиологтың, фтизиатрдың (Манту тұрақты оң реакциясы болған жағдайда) өтініші, қорытындысы берілген күнге дейін күнтізбелік 14 күннен ерте емес берілген қанды, зәрді, амбулаториялық пациенттің № 052/е нысаны бойынша медициналық картасын (бар болса), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық егу картасын, сондай-ақ эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылар, электроэнцефалограмма, сондай-ақ мидың магнитті-резонанстық томографиясы негізінде жасалған медициналық қорытынды
7) спорттық-бұқаралық іс – шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғанын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыс хаттамаларының көшірмелері (бар болса) - ОРСМИК түсушілер үшін;
8) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;