"Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі" РММ- де 7-8 сынып оқушылары арасында "Біз өмірде достықты бағалаймыз" атты тренинг өтті. Ұйымдастырушылар педагог -тәрбиешілер Мутиханова Манар Абеновна мен Кожахметова Рита Жанаевна.
Тренинг мақсаты: Оқушылардың арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Балалар достық туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. "Досым, қалың қалай?" жаттығуы, "Жалғастырып көр" ойыны арқылы дос туралы мақал- мәтелдерді естеріне түсірді. Тренингке балалар белсене қатысты.