Бүгін 2023 жылғы 20 сәуірде "Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ жұмыс сапарымен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Мустафин Кайрат Сагидоллаевич келді. Кездесу барысында жаңа мектеп ғимаратының аяқталмаған құрылысы, объектінің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ мектептің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін әлеуметтік нысандар көрсетілді. Биыл бұл уәкілетті орган басшылығының алғашқы келуі болды. Сындарлы диалог барысында мекеме басшылығы шұғыл шешуді талап ететін барлық өзекті мәселелерді көтерді.
"Өткен уақыт аралығында көп нәрсе жасалды, бірақ әлі де көп нәрсе істеу керек. Бірақ бүгінгі таңда стратегиялық міндет жаңа мектеп құрылысының ойдағыдай аяқталуын кутудеміз. Оның аяқталуы мекеменің барлық ұжымына мүмкіндік береді, оған жаттықтырушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер және барлық көмекші персонал кіреді – еліміз үшін спорттық резервті сапалы дайындауды қамтамасыз ету", – деп түйіндеді мектеп директоры А.Можанов. Осы кездесудің жемісі жақын арада оң нәтиже береді деп үміттенеміз және біздің жас спортшыларымыз жаттығуға қажетті барлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі.