Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында директордың тәрбие ісі жөніндегі міндетін атқарушы Қайырбеков Н.Т. және тәрбиеші А.Қ.Ушакбаева, Риддер қаласындағы «ОРРММИК» РММ оқушыларымен тыл еңбеккері Ж.Т.Шидеринаны келе жатқан – 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтап сый-сияпат жасады. Тыл еңбеккері Жаңылған апа Риддер қаласындағы «ОРРММИК» РММ басшылығына және оқушыларға құттықтаулары үшін алғысын білдірді.