Итоги плановой предметной декады методического объединения колледжа

Колледждің әдістемелік бірлестігінің жоспарлы пәндік онкүндігінің қорытындысы

Дата 16 мая 2023
Итоги плановой предметной декады методического объединения колледжа
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ 2023 жылғы 17.04 - 10.05 аралығында колледждің әдістемелік бірлестігінің жоспарлы пәндік онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: колледждің оқу-тәрбие процесінде оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру; білім алушылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, олардың танымдық белсенділігін дамыту.
Колледж оқытушылары Халитова С.Е., Миропольский В. В., Сакович Е. А., Гусева И. А., Шаяхмет И. Ш. нақты өмір тұрғысынан мысалдар келтіре отырып, болашақ мамандыққа бағытталған ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді.
Сабақтар мен іс-шараларға мектеп-интернат - колледж директоры А.Б. Можанов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Р. Сейташимова, оқу бөлімінің әдіскері - Н.К. Ашимова қатысып, талдау жасалды. Сондай-ақ осы бағытта одан әрі тиімді жұмыс жүргізу ұсыныстары берілді.
2023 жылдың 10 мамырында жалпы мектеп желісінде онкүндіктің қорытындысы шығарылды. Онкүндік қорытындысы бойынша келесі оқушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды:
1 курс Гумаров Арсен
1 курс Свириденко Никита
2 курс Худяков Александр
Басқа жаңалықтар