2023 жылғы 10-18 мамыр аралығында "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ жыл сайынғы оқу-далалық жиындар өтеді.
Жиындар 8 күнге созылады және осы уақыт ішінде 10 сыныптың 23 оқушысы АӘД сабақтарында жыл бойы үйреткендерінің барлығын көрсетуі керек.
Оқу-далалық жиынның мақсаты: практикалық тәжірибе негізінде АӘД пәні бойынша оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды армияда қызмет етуге дайындау, патриотизм сезімін, елге, жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, мейірімділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиындықтарға төзімділікке тәрбиелеу.
Бағдарламаға тактикалық дайындық, саптық дайындық, атыс даярлығы, әскери топография, Қарулы Күштердің жалпы әскери Жарғыларын зерделеу сияқты іс-шаралар кіретін болады.
Оқушылар бұл жиынға қызығушылықпен қатысып, бір жыл ішінде алған білімдерін көрсетті. Оқу-далалық жиындарда білім алушылар нысанаға соғу, жаралыларды тасымалдау, қашықтыққа граната лақтыру сияқты әскери жаттығуларды орындады
АӘжәнеТД оқытушысы Кайырбеков Нуржан біздің мекеме аумағында ұйымдастырылған оқу-далалық жиындардың жоспарланған бағдарламасын өткізуге үлкен жауапкершілік танытты.