Торжественная церемония вручения аттестатов и дипломов

Аттестаттар мен дипломдарды тапсыру салтанатты рәсімі

Дата 20 июня 2023
Торжественная церемония вручения аттестатов и дипломов
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі" РММ 2023 жылғы 20 маусымда мектеп және колледж түлектеріне аттестаттар мен дипломдар тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Биылғы оқу жылында мектептің 43 және колледждің 18 түлегі оқуын аяқтады.
Оқу орнының директоры А. Б. Можанов, директордың спорт жұмысы жөніндегі орынбасары С. Т. Малаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Р. Сейташимова құттықтау сөз сөйледі.
Жыл сайын бұл күн мектеп пен колледжді бітіргендер үшін қуанышты сәт, өйткені олар балалық шағымен қоштасады.
Түлектерімізді айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Батыл болуды, арманыңызға берік сенуді, алға қойған мақсаттарыңызға жетуді тілейміз! Мектебіміздің және Отанымыздың мақтанышы болыңыздар!
Басқа жаңалықтар