«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі» РММ жетінші сынып оқушылары үшін жыл сайынғы дағды бойынша мектеп кітапханасына экскурсия ұйымдастырылып, өткізілді. Сынып жетекшілері: А.М. Солтанбекова, А. Айдынқызы.
Шараның мақсаты-жаңа келген оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту арқылы Отансүйгіштікке, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Экскурсия барысында оқушылар аса қызығушылықпен кітап көрмелерімен танысты. Шара соңында танымдық сұрақтар, викториналар қойылып, нәтижесінде кітапханаға жаңа оқырмандар жазылды.