Ходжа Ахмет Яссауи-учение мудрости

Қожа Ахмет Иасауи-Даналық ілімдері

Дата 25 сентября 2023
Ходжа Ахмет Яссауи-учение мудрости
Елімізде жыл сайын көпшілікке аты мәлім болған азаматтардың мерейтойы кең көлемде атап өтіледі. Қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының тарихында ерекше орын алатын кемеңгер ақын, сопылық ілімнің негізін қалаушы, күншығыс елдері мұсылмандарының рухани шырағы болған ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1166) туғанына 930 жыл толуына байланысты , «Жеткіншектің жеті жарғысы » жобасы аясында Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжі» кітапханашысы жетінші ,сегізінші сынып оқушыларымен « Қожа Ахмет Иасауи-Даналық ілімдері» атты танымдық сағаты өткізді. Оқушылар белсенділік танытып шараның «Еркін микрофон»бөлімінде дара тұлға туралы түсініктерін әсерлі жеткізе алды.Сынып жетекшілері А.М. Солтанбекова, Қойшыбаев А.Б. балаларға түсінікті тілмен атақты ғұлама туралы мәліметтер берді.Шара барысында тақырыпқа байланысты слайд көрсетіліп, тәтті сыйлықтар табысталды.
Басқа жаңалықтар