Объявление О проведении конкурса на занятие вакантной и временно вакантной должности педагога

Хабарландыру Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы.

Дата 17 октября 2023

Хабарландыру
Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы.

І. Білім беру ұйымының атауы:

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервнің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ,
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Лесное ауылы, Сосновая көшесі, 45А ғимараты, пошта индексі 071300
Тел. 8(72336)30346, 87051884518
Электрондық пошта: info@rsshicor.kz

ІІ. Бос және уақытша бос лауазымның атауы

1) Тәрбиеші - 1 бірлік, (аптасына жалпы сағат саны – 30) негізгі қызметкер кезінде
Жалақысы: білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты айына 280 000 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері: жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді; білім алушыларға спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырады; бала құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды; білім алушылардың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар; ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланысты қолдайды; білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді; білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларының талаптарын орындайды.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогикалық этика нормалары; Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері; еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері.

ІІІ. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талаптар қойылмай;
IV. Құжаттарды қабылдау мерзімі
Байқау 2023 жылғы "17" қазан мен "26" қазан аралығында (қоса алғанда) өтеді.
Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде мына мекенжайға жолдау қажет: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Лесное ауылы, Сосновая көшесі, 45а ғимарат, №243 кабинет, электрондық мекенжай info@rsshicor.kz

Жұмыс уақыты: 8.00 - ден 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс : сенбі, жексенбі

V. Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
11) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

VI. Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі


Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі 1 жылды құрайды
Басқа жаңалықтар