Құрметті «Риддер қаласындағы олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»РММ қызметкерлері, ата-аналарымен оқушылары!
Сіздерді ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біз көпұлтты еліміздің бірлігі мен достығының символы болып табылатын бұл мерекені қуанышпен қарсы аламыз!
Еліміздің әрбір тұрғынын Республика күнімен құттықтай отырып, мол бақыт, мықты денсаулық, бейбіт өмір және амандық тілейміз!
Жүрегіміздегі туған жерге деген сүйіспеншілік ешқашан өшпей, елімізді өркендетер жаңа жетістіктерге шабыттандыра берсін!