Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
хабарландыру
І. Білім беру ұйымының атауы:
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Лесное ауылы, Сосновая көшесі, 45а ғимарат, пошта индексі 071300
Тел. 8(72336)30346, 87051884518
Электрондық пошта:
info@rsshicor.kz
ІІ. Бос және уақытша бос лауазымның атауы
1) Трамплиннен шаңғымен секіру бойынша жаттықтырушы-оқытушы-1 бірлік, (аптасына жалпы сағат саны – 24) негізгі қызметкердің уақытына
Жалақысы: білім деңгейіне, біліктілігіне байланысты айына 280 000 теңгеден бастап.
Лауазымдық міндеттері: оқушы-спортшыларды даярлаудың жылдық және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, оқушы-спортшылармен өз жұмысының нәтижелерін және мазмұнын жүйелі есепке алуды, талдауды, қорытындылауды жүргізеді;
дене шынықтыру-спорт ұйымының бөлімшесінде, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топтарға жатқызылған оқушы-спортшылар топтарымен оқу-жаттығу және тәрбие жұмысын жүргізеді (оқу-жаттығу процесін жоспарлауды жүргізеді, әрбір оқушы-спортшы үшін жеке дайындық жоспарын жасайды); өз жұмысында спорттық даярлаудың тиімді әдістерін және оқушы-спортшыларды сауықтыру; оқушы-спортшылардың жоспарланған жаттығу жүктемелерін, спорттық нәтижелерді және қажетті қалпына келтіру іс-шараларын орындауының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді; перспективалы оқушы-спортшыларды одан әрі спорттық жетілдіру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
оқушы-спортшылардың теориялық, дене шынықтыру, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, сабақ процесінде олардың денсаулығын нығайтуды және қорғауды, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
оқушы-спортшылардың спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолдану жағдайларына жол бермейді; оқушы-спортшылардың уақтылы медициналық тексеруден өтуін, олардың антропометриялық өлшеулер, дәрігерлік-педагогикалық бақылаулар негізінде медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындауын және бақылау жаттығуларының орындалуын бақылайды; оқушы-спортшылардың жалпы және арнайы дене шынықтыру даярлығы бойынша бақылау нормативтерін жүргізеді; оқушы-спортшылардың уақтылы медициналық тексеруден өтуін есеп және есеп құжаттамасын сапалы жүргізу және тікелей басшылыққа ұсыну; жаттықтырушы-оқытушыларға арналған семинарларға қатысады; спорттық этиканың сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Конституцияны «Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; педагогика, психология және физиология, еңбек заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды.
ІІІ. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі): «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтары бар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның жанынан жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
IV. Құжаттарды қабылдау мерзімі
Байқау 2023 жылғы «14» желтоқсан мен «25» желтоқсан аралығында
(қоса алғанда) өтеді.
Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде мына мекенжайға жолдау қажет: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Лесное ауылы, Сосновая көшесі, 45а ғимарат, №243 кабинет, электрондық мекенжай
info@rsshicor.kz
Жұмыс уақыты: 8.00 - ден 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
Демалыс : сенбі, жексенбі
V. Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларына 15 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
11) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
VI. Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі
Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі 1 жылды құрайды