Посвящаю победу к Независимости

Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын

Дата 17 декабря 2023
Посвящаю победу к Независимости
2023 жылдың 17-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-де педагог-тәрбиешілер Мутиханова Манар Абеновна мен Ушакбаева Альмира Кайрдиновна 7-11 сынып оқушыларымен Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты ақпараттық-танымдық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары мен батырларын атап өту; Тәуелсіз Қазақстанның 32 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру; қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру; оқушылар бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-әпкелерінің ерліктерін паш етіп, Қ.Рысқұлбеков сынды батырымыздың соңғы хаты мен өлеңінен үзінді оқыды. Азаттық жолында құрбан болған батырлар рухына 1 минут үнсіздік жариялады.

Ақпараттық-танымдық сағат өз мақсатына жетіп, оқушылардың шығармашылық және жан-жақты ізденушілік қабілеттерін дамытты.
Басқа жаңалықтар