Коррупции НЕТ!

Жемқорлыққа жол ЖОҚ

Дата 14 марта 2024
Коррупции НЕТ!
Жеткіншектің Жеті жарғысы" жобасын іске асыру мақсатында 2024 жылғы 14 наурызда "Риддер қаласындағы ОРРМИК" РММ-де 1-3 курс студенттері арасында " Жемқорлыққа жол ЖОҚ!" атты кураторлық сағаттар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты колледж білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру болып табылады.
Колледж білім алушылары осы іс-шараға белсенді қатысып, рөлдік ойындар арқылы сыбайлас жемқорлықты анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіре алды.
Колледж білім алушыларының назарына сыбайлас жемқорлық - бұл заңдық, саяси, әлеуметтік қана емес, сонымен қатар адамгершілік проблемасы болып табылатын және еліміздің барлық азаматтарына қатысты қазіргі заманның жағымсыз құбылысы екендігіне аудара отырып, қорытындылар жасалды.
Мұндай іс-шараларды өткізу колледж оқушыларында жоғары құқықтық сананы қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар