2024 жылдың 11 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И. Д. Пустынникова сыныптан тыс іс - шара өткізді - "Для любви не названа цена, лишь только жизнь одна, жизнь одна" әдеби қонақ бөлмесі.
Ғашық адамдар қаласына саяхатты 11 В сынып оқушылары ұйымдастырды.
"Қала көшелерімен серуендеу" таныс және бейтаныс жазушылар мен ақындармен, көркем шығармалардың кейіпкерлерімен кездесті. Балалар Есенин, Аненский, Мережковский, Евтушенко және басқалардың өлеңдерін , М.Әуезовтің "Путь Абая", М. Горькийдің "Хан и его сын", Куприннің "Гранатовый браслет" шығармаларынан үзінділер оқыды, оқу музыкалық безендірумен сүйемелденді. Балалар М. Зощенконың "Любовь" әңгімесін сахналауда да өз таланттарын көрсетті.
Осы іс-шараға қатысқандардың барлығы үлкен эстетикалық ләззат алды .