"Риддер қаласындағы ОРРММИК" РММ-де "Таза сессия"акциясы басталды. Жыл сайынғы акцияда колледж студенттері мен оқытушылары арасында студенттерден заңсыз ақшалай қаражат жинауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бейнероликтер көрсетіліп, кураторлық сағаттар өткізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.
Іс-шараның басты міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу.
"Таза сессия" өткізу-бұл сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділеттілікке қол жеткізудің бір әдісі.